Жаңа жыл түнінде Астанада 20 сәби дүние есігін ашты

Фотография - Жаңа жыл түнінде Астанада 20 сәби дүние есігін ашты

Бұл туралы елорданың перзентханаларынан мәлім етті

189 0

Астанада Жаңа жыл мерекесі түнінде дүниеге 20 нәресте келді.

Бұл туралы елорданың перзентханаларынан мәлім етті.

Астананың перинаталдық орталығында бұл түні үш шақалақ өмірге келді: үш ұл және екі қыз. Бұл ретте, перзентхананың акушері барлық бөлімшелер босанушы әйелдерге лық толы екендігін мәлім етті. «Бізде бэби-бум, перзентхана толық», - деді ол.

Астананың №1 қалалық перзентханасында бес нәресте дүниеге келді: үш қыз және екі ұл. Ал Астананың №3 перзентханасында сегіз бала өмірге келді: бес ұл және үш қыз.

Сондай-ақ «Ана мен бала ұлттық ғылым орталығы» АҚ-да бір ұл бала мен бір қыздың аналары босанды.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!