Павлодарда кардиохирургия орталығы ашылды

Фотография - Павлодарда кардиохирургия орталығы ашылды

 Емдеу мекемесі заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған

321 0

Павлодарда кардиохирургия орталығы өз жұмысын бастады. Емдеу мекемесі заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған.

Дәрігерлер жүрек ауыстырудан өзге кез-келген күрделі операция түрлерін жасауға болатынын айтады. Мұнда «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде білім алған және біліктіліктерін шыңдаған жоғары дәрежелі дәрігерлер қызмет етеді.

Кардиохирургиялық орталықтың Павлодарда ашылуы тегін емес. Өндірісті өлкенің тұрғындары жүрек-қан тамырлары сырқатына жиі шалдығады. Атап өтерлігі, бұл орталық Шығыс Қазақстан облысына да қызмет етеді.

Аймақта 25 орындық кардиологиялық бөлімше бұрын халыққа қызмет көрсетіп келді. Бірақ жүрек ауруымен ауыратын адамдардың бәрін бірдей емдеп үлгере алмайтын. Күрделі операциялар көп жағдайда көрші Ресейде немесе Астана мен Алматыда жасалатын.

Ерлан АРЫН, Павлодар облысының әкімі:

- Мыңдаған адамға қызмет көрсетіп, олардың денсаулығына, амандығына пайда келтіретін үлкен орталықтың ашылуын біз күткенбіз. Елбасының тапсырмасы бойынша қабылданған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында орындалып жатыр. Қыркүйек айында арнайы сапармен келген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы нысанның жобасымен танысып, желтоқсан айында ашу керек деп тапсырма берген болатын.

Орталықта жылына екі жарым мыңдай операция жасау жоспарланған. Ерекшелігі жүрегінде ақауы бар нәрестелерге ем жасалады. Дәулет Жақыпбаев – балалар хирургі. Ол Ресейдің жүрек-қан тамырлары ғылыми орталығында оқып келген. «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған 27 жастағы хирург қазірдің өзінде науқас балалармен танысып жатқанын айтады. Қазір кезекте 300 бала тұр екен. Сәтін салса, операцияға қаңтар айында кіріспек. Тек балалардың өзіне шамамен 30 күрделі операция бір айда жасалады.

Дәулет ЖАҚЫПБАЕВ, кардиохирург:

- Біздің балалар бөлімшеміз 15 орынға арналған. Яғни, балаларды біз сырқаты бойынша таңдап, одан кейін өзімізде операция жасаймыз. Бұрын-соңды Павлодар облысында, Шығыс Қазақстан өңірінде бұндай операциялар жасалынбаған. Қазіргі кезде 300-дей бала операцияны қажет етеді. Сол себепті осы орталықтың ашылуы оның ішінде балалар кардиохирургиясы бөлімшесінің болуы өте маңызды.

Ораз МҰҚАШЕВ, Кардиологиялық орталықтың директоры:

- Жаңа жылда бізде үлкен мейрам. Өңірлік кардиохирургия орталығы ашылып жатыр. Негізі екі мың операция жасауға болады. Бұрын Павлодар облысында 20 төсек орынды кардиохирургия бөлімшесі болған. Қазір жаңа кардиохирургия орталығы ашылғаннан кейін біз балаларға операция жасайтын болдық.

Кардиологиялық орталық «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынды. Өңірлік кардиологиялық орталықтың құрылысы басталғанда мамандар дайындау ісі қатар қолға алынған болатын. Қазіргі күні мұнда Израиль, Литва, Америка және Ресейде білімдерін жетілдірген, кәсіби біліктілігі жоғары дәрігерлер құрамы жасақталған.


Тегтер:

павлодар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!