Базарларда біржолғы талон негізіндегі салық режімі жойылды

Фотография - Базарларда біржолғы талон негізіндегі салық режімі жойылды

2013 жылдың 1 қаңтарынан біржолғы талон негізіндегі салық режімінің күші тоқтатылды

169 0

2013 жылдың 1 қаңтарынан біржолғы талон негізіндегі салық режімінің күші тоқтатылды.

Осылайша базарларда сауда жасайтын және біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режімі шеңберінде бюджетпен есеп айырысатын тұлғалар 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеудің басқа режіміне көшеді.

Мәселен, бұған дейін де Қаржы министрі Болат Жәмішев хабарлағанындай, базарларда сауда жасайтын барлық тұлғалар 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір мезгілде салық салу режімдеріне көшуге тиіс (патент - табыстың 2%, оңайлатылған декларация - табыстың 3%, жалпыға бірдей белгіленген тәртіп - 10% ЖК үшін, Заңды тұлға  үшін 20%).

Сонымен қатар, басқа салық салу режімдеріне көшіру жұмыстары жалғасатын болады. Атап айтқанда, 2009 жылдан бастап жеке кәсіпкерлер үшін камералдық бақылау негізінде қызметті тоқтатудың оңайлатылған тәртібі қолданылып келеді (салықтық тексеру жүргізілмей). Және салық есептілігі нысандары айтарлықтай оңайлатылып, қысқартылған. 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда салық есептілігі нысандарының көлемі қосымшалар бөлігінде - 53%-ға, парақтар бөлігінде 63%-ға, жолдар бөлігінде 57%-ға қысқарған.

Еске сала кетейік, салық төлеушілерге жаңа салық салу шарттарына бейімделуге мүмкіндік беру, сондай-ақ базарларда сауда жасайтын тұлғалардың жаңа жүйеге жеңіл ауысуын қамтамасыз ету мақсатында, Қаржы министрлігі 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап базарларда сауда жасайтын тұлғаларға патент немесе оңайлатылған декларация немесе біржолғы талон негізіндегі салық салу режімдерінің бірін таңдау құқығын беруді ұсынып келеді.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!