Қарағанды облысында жаңа мешіт бой көтерді

Фотография - Қарағанды облысында жаңа мешіт бой көтерді

Қарағанды облысының Абай ауданында қос қуаныш

199 0

Қарағанды облысының Абай ауданында қос қуаныш. Жуырда ауданда сәулеті мен құрылысы келіскен, заманауи технология бойынша салынған 270 орындық алғашқы мешіт ашылды.

Одан бөлек, осы ауданның жас мамандары баспаналы болып, жаңа пәтердің кілтін алды.

Абай ауданы – Қарағанды облысының ірі аудандарының бірі. Облыстың бас имамы Орманбет Болатұлы халық саны өсіп келе жатқандықтан үлкен мешіт салу қажеттілігі туды дейді. Сыйымдылығы 200-ден астам адамды құрайтын мешіттің бірінші қабаты ерлерге арналса, екінші қабаттағы 70 орын әйелдерге арналған. Құрылыс жеке кәсіпкерлер, демеушілер мен халықтан жиналған қаражатқа салынды. Қазір Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының филиалы болып тіркеуден өтуде.

Орманбет БОЛАТҰЛЫ, Қарағанды облысының бас имамы:

- Қазір дін тез дамып келе жатыр. Халықтың сұранысы өте жоғары, сол себептен бұл келешекте аудандық мешіт болады.

Сонымен қатар жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайнов Абай ауданындағы жас мамандарға мемлекеттік «Қолжетімді баспана» бағдарламасы аясында пәтер кілттерін табыс етті.

Василий мен Валентина Кузиндер отбасында бүгін үлкен қуаныш. Көптен күткен армандары орындалды.

Валентина КУЗИНА, кітапханашы:

- Екеуіміз танысқанда болашақ жұбайымның жетім екендігін білдім. Василий 16 жасқа толғанда ата-анасы қайтыс болды. Одан кейін достарының үйінде тұрған. Мен оның тұрғын үйге кезекке тұруына себепкер болдым. Бес жыл кезекте тұрды. Өздеріңіз көріп тұрғандай енді біздің өз пәтеріміз бар.

2020 жылға дейін тек Қарағанды облысында 3 млн шаршы метр тұрғын үй салынады деп жоспарлануда. Абай ауданында да тұрғын үй салу қарқынды жүруде. Соңғы екі жылда 138 пәтер кілті тапсырылған.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!