Алматыдағы метро көлігі қызметін пайдаланған жолаушылар саны 7 миллионнан асты

Фотография - Алматыдағы метро көлігі қызметін пайдаланған жолаушылар саны 7 миллионнан асты

Алматы метросы 2011 жылы 1 желтоқсанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен пайдалануға берілген болатын

280 0

Алматы қаласындағы метро көлігін пайдаланушылар  саны 2011 жылдың 1 желтоқсаны мен 2012 жылдың 31 желтоқсаны аралығында 7 миллион адамнан асты.

«Алматы метросы 2011 жылы 1 желтоқсанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен пайдалануға берілген болатын. Ондағы миллионыншы жолаушының есімі 2012 жылдың 18 қаңтарында белгілі болған еді. Ал  5 тамызда 2  миллионшы жолаушы тасымалданған еді. Жыл соңында олардың саны 7 миллионға дейін жетті», - дейді «Алматы метрополитен» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз хатшысы  Айдар Қырықбаев. Оның айтуынша, метро қызметі шаһардың экологиялық ахуалын жақсартып, көлік кептелістерін азайтуға айтарлықтай үлес қосуда. Онда жұмыс күндері орташа  есеппен  19-21 мың, демалыс күндері 9-12 мың жолаушы тасымалданады.


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!