Алматы облысында көлік қатынасы қиындап кетті

Фотография - Алматы облысында көлік қатынасы қиындап кетті

Еліміздің бірқатар өңіріндегі жергілікті және республикалық жолдар жабық тұр

154 0

Еліміздің бірқатар өңіріндегі жергілікті және республикалық жолдар жабық тұр. Қарлы дауылдың салдарынан әсіресе Алматы облысында көлік қатынасы қиындап кетті.

Өңірде өткен жылы қарашаның жиырмасынан күні бүгінге дейін қарға қамалған 252 техника мен 700-ге жуық адам құтқарылған. Әсіресе, Үшарал-Достық бағытындағы республикалық жолдар екі күннің бірінде жабық. Облыcтық Төтенше жағдайлар департаменті қызметі мамандарының айтуынша, қарлы дауылдың күштілігінен коммуналдық мекемелер жолдарды тазалап үлгермейді. Сонымен қатар, Қорғас-Сарыөзек бағытындағы автокөлік жолы да жабық. Бірақ ауа райының қолайсыздығына және арнайы мамандардың ескеруіне құлақ аспай жолға шығып кеткен жолаушылардың бәрі қар құрсауында қалып жатыр. Тек осы жаңа жыл мейрамы кезінде жалпы облыс бойынша қарға қамалған 40 көлік пен 156 адам құтқарылған. Жол тазалайтын мекемелер күшейтілген тәртіпте жұмыс істегенімен шамасы жетпей жатыр. Кейбір аудандарда техниканың көбі ескі болғандықтан жүруінен тұруы көп. Ал, қар астында қалған адамдарды құтқару үшін Төтенше жағдайлар департементі 15 техника және жеке құрамнан 50 адамды жұмылдырды. Мамандардың сөзіне сенсек, үсік шалып зардап шеккен жолаушылар жоқ.

Мират ҚАБЫЛОВ, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Жол полициясы басқармасы қызметкерлерінің ескертуіне қарамай азаматтар жолға шығып, айналма жолдармен шығып кетіп, қарлы борандар астында қалып жатыр. Көлік қатынасы Үшарал-Достық жолдарында тым қиындап кетті. Ол жолдарда желдің күші секундына 25-30 метрге жетіп, 92-125 шақырым аралығында жолдың көрінісі мүлдем жоқ. Қатты жел соғып тұр. Содан кейін «Алтынемел» шатқалындағы Қорғас-Сарыөзекте қазір жол жабық. Қазіргі уақытта тазалау жұмыстары жүріп жатыр.


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!