Мерекеде елордада 23 666 текше метр қар тазаланды

Фотография - Мерекеде елордада 23 666 текше метр қар тазаланды

Ал,  2 қаңтар күні Алматы ауданының көшелеріне қар күреп, тазалайтын  212 машина, Сарыарқа ауданына  – 142, Есіл ауданына – 185 машина шығарылды. Түнде жауған қардан кейін  қала көшелерінен 11 980 текше метр қар тасылып шығарылды

307 0

31желтоқсан  мен  2 қаңтар аралығында елордада  23 666 текше метр қар тазаланды, деп хабарлайды Астана әкімінің сайты.

 

Сонымен қатар қар тазалау жұмысына күніне 500-ге тарта қар тазалайтын  техника  жұмылдырылды. Бір ауысымда  шамамен 400 жол қызметкері жұмысқа шықты.31 желтоқсанда Алматы ауданында  қар күрейтін және қарды тазалап тиейтін 164 техника  шығарылса,  Сарыарқа ауданында  – 134, Есіл ауданында – 164 техникамен  7 010 текше  метр қар тазаланды.

 

1 қаңтар күні Есіл ауданында 399, Алматы ауданында – 140, Сарыарқа ауданында – 113 қар күрейтін машина шығарылды. Тазаланған қар – 4 676 текше метр.

 

Ал,  2 қаңтар күні Алматы ауданының көшелеріне қар күреп, тазалайтын  212 машина, Сарыарқа ауданына  – 142, Есіл ауданына – 185 машина шығарылды. Түнде жауған қардан кейін  қала көшелерінен 11 980 текше метр қар тасылып шығарылды. Атап айтсақ, Алматы ауданынан – 4 396, Сарыарқа ауданынан – 3294  және  Есіл ауданынан – 4290  текше метр қар тасылып шығарылған.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!