«Эйр Астана» жаңа Алматы-Хошимин әуе рейсін ашты

Фотография - «Эйр Астана» жаңа Алматы-Хошимин әуе рейсін ашты

«Төртінші қаңтарда «Эйр Астана» Хошиминге баратын жаңа рейсін ашу арқылы өзінің Оңтүстік-Шығыс Азияға ұшатын бағыттарын кеңейтуде», - делінген хабарламада

175 0

Ұлттық  әуе тасымалдаушысы «Эйр Астана» тікелей жүйелі Алматы-Хошимин әуе рейсін ашты, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

 

«Төртінші қаңтарда «Эйр Астана» Хошиминге баратын жаңа рейсін ашу арқылы өзінің Оңтүстік-Шығыс Азияға ұшатын бағыттарын кеңейтуде», - делінген хабарламада.

 

Ұшулар Boeing 757 әуе кемесімен орындалады. Алматыдан Хошиминге дейінгі билет құны барлық салықтарды қоса алғанда 88 499 теңгені құрайды. Ұшақ Хошиминге Бангкок арқылы 9 сағат, ал кері бағытта 7 сағат ұшады.

 

«Эйр Астана» Орталық Азиядағы көшбасшылық беделін нығайта түсумен қатар, дамытуды да жалғастыруда. Әуе компаниясының стратегиялық басымдықтарының бірі Азияға ұшу географиясын кеңейту. Мен Хошиминнің тағы бір жаңа бағытымыз болғандығына қуаныштымын», - деді «Эйр Астана» АҚ-ның президенті Питер Фостер.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!