Алматыда 40 минут ішінде жүргізуші куәлігін аласыз

Фотография - Алматыда 40 минут ішінде жүргізуші куәлігін аласыз

Алматы қаласы, Алатау ауданындағы арнайы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Аумағы 5 мың шаршы метрді алып жатқан ЦОН күніне мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді

137 0

Алматы қаласы, Алатау ауданындағы арнайы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Аумағы 5 мың шаршы метрді алып жатқан ЦОН күніне мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Бұл ЦОН-да қалалықтар 40-60 минут ішінде тіркеліп, жүргізуші куәлігі мен мемлекеттік нөмірлік белгілерге тапсырыс бере алады.

Оның ішінде барлығы орналасқан. Тіпті ауызша емтихан тапсыратын орындар, автодром, айыппұл төлейтін терминалдар орналасқан. Сондай-ақ, қалалық Жол полициясы басқармасының процессингілік орталығы орналасқан.

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов пен Көлік және коммуникация вице-министрі Сәкен Сәрсенов қатысты. Олар Елбасының тапсырмасымен болашақта Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтау қалаларында арнайы мамандандырылған ЦОН-дар ашылатынын жеткізді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!