Астаналық азамат лотереядан ұтқан ақшасының бір бөлігін мешітке жұмсамақ

Фотография - Астаналық азамат лотереядан ұтқан ақшасының бір бөлігін мешітке жұмсамақ

Ол 2005 жылдан бері лотерея ойнайды екен. 2009 жылдан бері "Супер лотоға" қатыса бастапты

130 0

Aстаналық тұрғын Жаңа жылда «Супер Лото 6/35» джекпот лотереясынан 106 млн. теңгеден астам сый ұтып алғанын жаздық. Енді сол азаматтың ұтқан ақшасын қайда жарататынын да білейік. 

Ол 2005 жылдан бері лотерея ойнайды екен. 2009 жылдан бері "Супер лотоға" қатыса бастапты. Бірақ, 5-6 мың теңгеден артық пайда таппапты. Енді міне, 106 430 977 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық алып отыр.

"Менің үш балам бар. Соларды асырауым керек" дейді. сондай-ақ, ақшасының бір бөлігін Астанадағы мешіттердің біріне беріп, қонақ күтуге лайықты бір үй сатып алсам дейді.

"Мен сол күні алты мың теңгеге 6 билет алдым. Содан қайта ойланып, 7-ші билетті алдым. Сол жетінші билет "бақытты" билет болып шықты" дейді ұтыс иесі. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!