2012 жылы Астанаға жарты миллионнан астам турист келіпті

Фотография - 2012 жылы Астанаға жарты миллионнан астам турист келіпті

2012 жылы Астананың мейманасы тасыған ерекше жылы болды. Тіпті, Азиада өтіп, ЕҚЫҰ саммиті өткенде де, қалаға мұндай қонақ келмепті

147 0

2012 жылы Астананың мейманасы тасыған ерекше жылы болды. Тіпті, Азиада өтіп, ЕҚЫҰ саммиті өткенде де, қалаға мұндай қонақ келмепті. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Астана қаласы Туризм, спорт және денешынықтыру басқармасының хабарлауынша, өткен жылы Астанада 522,9 мың турист болған. Оның ішінде 117,5 мың адам шет елдерден келген. Қалған 405,4 мың адам еліміздің әр түкпірінен келген. Ал, 2011 жылы шет елдерден 105,9 мың, аймақтардан 373,1 мың мейман болған. Алдыңғы жылмен есептегенде 2012 жылы Астанаға 43,9 мың қонақ артық болған.

Ал, астаналық қонақтардың туристік сапары былай. 2011 жылы 24,2 мың адам, 2012 жылы 27,3 мың адам. Демек, қалалықтар қонақ күтіп қана қоймай, қыдырудан да біраз санға жетіпті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!