Өткен жылы Астанаға жарты миллионға жуық туристер келіп қайтты

Фотография - Өткен жылы Астанаға жарты миллионға жуық туристер келіп қайтты

Оның ішінде 117,5 мың адам шетелдік туристер болса, 405,4 мың адам еліміздің басқа өңірлерінен келгендерді құрап отыр

223 0

Астана қалалық Спорт, дене шынықтыру және туризм басқармасының алдын ала ақпараттары бойынша өткен жылы Қазақстанның Бас қаласында 522,9 мың турист болып қайтқан. Оның ішінде 117,5 мың адам шетелдік туристер болса, 405,4 мың адам еліміздің басқа өңірлерінен келгендерді құрап отыр.

Салыстырмалы түрде қарағанда, елордаға келген туристер саны  2011 жылы 105,9 мың шетелдіктер мен 373,1 басқа өңір тұрғындарын құраған болатын. Осылайша, бір жыл ішінде Астанаға келген туристер саны 43,9 мың адамға немесе 9,2 пайызға артып отыр.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанадан басқа аумақтарға шыққан туристер саны да арта түсіп, бұл 2011 жылы 24,2 мың адамды құраса, 2012 жылы 27,3 мың адамға жетіп, 12,8% артқан. «Жалпы елордаға келушілер санының орнықты артуын қонақ үйлердегі сұраныстың ұдайы артып отыруымен түсіндіруге болады. Мәселен, егер 2009 жылы бұл көрсеткіш 28,5%, ал 2010 жылы - 31,2%, 2011 жылы 42% пайызға артқан. Ал 2012 жылдың алғашқы жартыжылдығында бұл  49% өсті. Бұл ретте аталған көрсеткіш Астанадағы қонақ үй ресурстарының ұдайы кеңейіп отырғанына қарамастан артып отырғанын да ескеру қажет», делінген хабарламада.

Мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі таңда елордада 172 қонақ үй қызмет көрсетсе, олардың нөмірлік қоры 5124-ті құрап, 7162 орынға тең болып отыр.

Туризмнің оң серпіні көп ретте жергілікті атқарушы органдар мен туризм саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың табысты бірлескен қызметінің арқасында мүмкін болып отыр. Бүгінгі таңда қалада 169 туристік фирма жұмыс жасайды. Астананы халықаралық туристік нарықта ілгері жылжыту үшін олар халықаралық және аймақтық туристік көрмелерге белсенді тартылуда, деп хабарлады баспасөз қызметі.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!