Жамбыл облысында электр қуаты 10%-ға қымбаттады

Фотография - Жамбыл облысында электр қуаты 10%-ға қымбаттады

 Жарық таратушы компания өкілдері «бұл қадамға амалсыздан барып отырмыз» дейді

269 0

Бүгіннен бастап Жамбыл облысында электр қуаты 10%-ға қымбаттады. Жарық таратушы компания өкілдері «бұл қадамға амалсыздан барып отырмыз» дейді.

Өйткені желілер мен аралық стансалардың әбден тозығы жеткен. Ал, оны ауыстыруға қосымша қаржы керек.

Бүгінге дейін жамбылдықтар жарықтың 1 киловатына орта есеппен 10 теңгеден төлеп келсе, енді бұл көрсеткіш 14 теңгеге дейін өсетін болды. Бағаның өсуіне энергия өндіруші компаниялардың тарифті көтеруі себеп болып отыр.

Марат ДҮЙСЕМБИЕВ, Қалалық электр желілерін тарату бөлімінің бастығы:

- Энергия өндірушілер бағаны 12-13%-ға дейін өсіріп отыр. Бірақ, оған қарамастан бізге қарайтын мекемелерге энергия құны тек 10%-ға ғана көтерілді.

Жамбыл облысын жарықпен қамтамасыз етуде еліміздің солтүстік аймағына басымдық беріліп отыр. Энергияның негізгі көзі сол жақтан тасымалданады. «Электр қуатын солтүстіктен сатып алу, жергілікті өндірушілерден алғаннан әлде қайда арзан әрі тиімді» дейді мамандар.

Ерболат ДҮЙСЕМБИЕВ, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департамент директорының орынбасары:

- «Тараз энергоорталық» АҚ өндіріп жатқан электр қуатының көлемі аз болғандықтан облысты толық электр қуатымен қамтамасыз етуге жетпейді. Т.И.Батуров атындағы ГРЭС-ке келгенде ол мекеме газбен, мазутпен жұмыс істейді. Қазіргі таңда мазут қымбат болғандықтан, қажетті көлемде электр қуатын өндіруге мүмкіндігі жоқ. Мүмкіндігі болған жағдайда да тарифі жоғары болады.

Тарифтің өсуіне тозығы жеткен желілер де себеп. Бүгінде желінің 60%-ын жаңарту қажет, алайда бұл жұмысқа қомақты қаржы керек. Түйіткілді мәселені тарқату үшін билік өкілдері баламалы энергия көзін дамытуды қолға алды. Осы мақсатта биыл облыста энергияны жаңғыртатын 3 нысан бой көтерді. «Енді бұл салаға қаржы құятын инвесторлар тарту қажет» дейді мамандар.


Тегтер:

энергетика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!