«Қазақ темір жолы» жыл қорытындысын шығарады

Фотография - «Қазақ темір жолы» жыл қорытындысын шығарады

Бүгін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның бас кеңсесінде ведомствоның 2012 жылғы жұмыс қорытындыларына және биылғы жылдың басымдықты міндеттеріне арналған кеңес өтеді

221 0

Бүгін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның бас кеңсесінде ведомствоның 2012 жылғы жұмыс қорытындыларына және биылғы жылдың басымдықты міндеттеріне арналған кеңес өтеді.

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.

Өткен жылды ұлттық компания көптеген табыстармен аяқтады. Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы табыстары үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына «Индустрияландыру көшбасшысы-2012» сыйлығы тапсырылды. 

Бұл сыйлықты  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру картасының жобаларын таныстыру бойынша жалпыұлттық телекөпір аясында табыс етті.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның жыл қорытындыларына арналған кеңесіне ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов қатысады деп күтілуде. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!