30 мектеп пен 50 балабақша салынады

Фотография - 30 мектеп пен 50 балабақша салынады

2017 жылға дейін Астанада 30 мектеп пен 50 балабақша салу көзделіп отыр

270 0

2017 жылға дейін Астанада 30 мектеп пен 50 балабақша салу көзделіп отыр. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ал өткен жылға назар ауда­ратын болсақ, 2012 жылы құ­рылыс басқармасы 37 білім нысанын жобалау жұмыста­рын жүзеге асырған, оның 13-і жасалып, олар бойынша сы­нақ нәтижесінің оң қорытынды­сы алынды. 24 жоба әзірлену үс­тінде, оларды аяқтау жұмы­сы 2013 жыға жоспарланған.

Астана әкімі баспасөз қыз­метінің ақпаратына сәйкес, 2012 жылы еліміздің бас қа­ласында 5 мектеп пен 7 ба­ла­бақшаның құрылысы аяқтал­ды, мемлекеттік мектептерде және мектепке дейінгі меке­мелердегі орындар саны тиі­­сінше 4500 және 1530-ға артты.

Ал нақты бөлінген қаржыға келетін болсақ, 2012 жылдың қорытындысы бойынша «Бі­лім нысандарын дамыту» бағ­дарламасын жүзеге асыруға 9,693 млрд теңге бағытталған, соның 7,862 млрд теңгесі рес­публикалық бюджеттің мақ­сатты трансферттері есебінен және 1,831млрд теңге жергілік­ті бюджеттің қаржысы болды.

Қазіргі уақытта Астанада 4900 орындық 5 мектептің және 1680 орындық 7 балабақшаның құрылысы жүргізілуде, олар­дың құрылысын аяқтау 2013 жыл­дың соңына көзделіп отыр.

- Сонымен қатар биыл тағы 7 мектеп пен 12 балабақша­ның құрылысы басталады, оларды 2014 жылы пайдалануға беру жоспарланды, - дейді Аста­на қаласы әкімінің баспасөз қызметкерлері.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!