Алматыда әскери соғыс техникалары сатыла бастады

Фотография - Алматыда әскери соғыс техникалары сатыла бастады

Алматының маңында орналасқан әскери қоймадан әскери соғыс техникасын хабарландыру арқылы сатып алуға болады.

191 0

Алматының маңында орналасқан әскери қоймадан әскери соғыс техникасын хабарландыру арқылы сатып алуға болады. 200 бірліктен астам әскери көліктердің қатарында тартымдылығы орасан жүк көліктері мен БББМ (брондалған барлау-бақылау машинасы) да бар.


«Біз күрделі жөндеуден өткен әскери техниканы саудаға шығардық. Оның ішінде БББМ-да бар. ГАЗ-66 әскери жүк машинасы орташа есеппен 12-14 мың доллар тұрады. БББМ құны жарақтандырылуына байланысты. Негізі олар да 14-15 мың доллардың айналасында болады», депті телефон арқылы әскери техниканы саудалаушы.

Газеттегі тізім бойынша қазіргі күні саудаға шығарылған әскери көліктердің қатарында ГАЗ-66, КамАЗ-4310, ЗИЛ-131, Урал-4320, Урал-375 – барлығы 200 бірліктен астам техника бар.

Әскери мамандардың айтуынша, БББМ қорғаныш қаптамасы аса қалың емес, дегенмен біздің арнайы жасақты қолында бар ешқандай қару оғы оны тесіп өте алмайтын көрінеді.

Машинаны жоғары жылдамдығы мен маневрлығының арқасында оған гранатаметпен атып тигізу де оңай шаруа емес екен. Сондай-ақ, ол жолсыз, саз-батпақты жерлермен жүруге, ауа райының қолайсыз кезінде сапарға шығуға таптырмайтын көлік.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!