Теміртауда дүниеге келген сәбидің атын Елка деп қойыпты

Фотография - Теміртауда дүниеге келген сәбидің атын Елка деп қойыпты

Теміртау қаласының тұрғыны желтоқсанның 31-нен 1 қаңтарға қараған түні, яғни Жаңа жылда дүниеге келген сәбиіне Елка деген ат беріпті

211 0

Теміртау қаласының тұрғыны желтоқсанның 31-нен 1 қаңтарға қараған түні, яғни Жаңа жылда дүниеге келген сәбиіне Елка деген ат беріпті. 

Сәбидің әке-шешесі басқа емес, өзіміздің қазақтар. Елканың анасы – 23 жастағы Алмагүл Райхан есімді қазақ. Олар баласының атын Жаңа жылдың негізгі атрибуты саналатын жасыл шыршаның құрметіне орай қойған. Шақалаққа ең болмаса Шырша деп қойса да жарасар еді дейміз іштей. Шыршаға тілі келмеген шала қазақтар шығар, кім білсін. Десек те, Елка елімізде сирек кездесетін есім. Ресейде дәл осы атпен танымал әнші бар екендігін де білеміз.

«Менің таныстарым Елка қызға берілетін есім (женский род) деген пікір айтты. Меніңше ол ер немесе қыз балаға қойылатын есім емес. Бұл мәңгі жап-жасыл болып тұратын, Жаңа жылдың айнымас символына айналған ағаш», деп отыр Елканың анасы. Райхан әулетінде осымен екінші нәресте дүниеге келіп отыр екен.

Теміртау денсаулық басқармасының хабарлауынша, 31 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейінгі аралықта 26 сәби дүниеге келіпті. Ал, Жаңа жыл түні 13 бала дүниеге келсе, соның алтауы қыз, алтауы ер бала екен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!