Құтқарушылар 12 көлік пен 26 адамды қар құрсауынан шығарды

Фотография - Құтқарушылар 12 көлік пен 26 адамды қар құрсауынан шығарды

12 көлік пен 26 адамның қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті

244 0

Бүгін түнгі сағат үште Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен-Зырян-Степное кенті-Ушановский кенті» тас жолында 12 көлік пен 26 адамның қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп мәлім етті ҚР ТЖМ.

ҚР ТЖМ-нің «Шығыс аймақтық аэромобильдік жедел-құтқару жасағы» ММ-нің (5 адам мен 1 техника бірлігі) күшімен ішінде адамдар отырған көліктер жолдың тазартылған учаскесіне сүйретіліп апарылып, ол жерден қозғалыстарын жалғастырды. Зардап шеккендер жоқ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!