Құтқарушылар Шүлбі су қоймасының мұзынан 8 көлікті алып шықты

Фотография - Құтқарушылар Шүлбі су қоймасының мұзынан 8 көлікті алып шықты

Бұл туралы су-құтқару қызметтерінің пультіне хабарлама келіп түсті.

137 0

Семей қаласынан 50 шақырым жердегі Шүлбі су қоймасының мұзы үстінде, кеше ішінде балықшылар отырған 10-нан астам жеңіл көліктер қалып қойды.

Бұл туралы су-құтқару қызметтерінің пультіне хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келгенде көліктердің мұздан жағаға шыға алмайтындары анықталды. Құтқарушылар 8 көлікті шығаруға көмектесті, ал қалғандары көмектен бас тартты.

Апаттық-құтқару жұмыстары өткен тәулікте, сондай-ақ Ушаново-Степное тас жолында да жалғасты. Онда ішінде 26 адам отырған 12 көлік қар құрсауынан шығарылды. Құтқарушылар олармен бірге Өскеменге дейін жүрді. Облыс орталығына құтқарушылар бүгін таңғы сағат үш жарымда келіп жетті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!