«Әзірет Сұлтан» мешітінің неден өртенгені анықталды

Фотография - «Әзірет Сұлтан» мешітінің неден өртенгені анықталды

Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде болған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалған еді.

153 0

Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде болған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалған еді. Ендігі ретте, сол іс аяғына жетті. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәжілісінде Астана қалалық өрт сөндіру және бақылау басқармасының бастығы Барат Дұзақбаев мәлімдеді. 

«Естеріңізде болса, 2012 жылдың 15 қаңтарында «Әзірет Сұлтан» мешітінде өрт болды. Сондай-ақ, 28 сәуірде «Береке» тұрғын үй кешінде де осындай жағдай болды. Бұған себеп электр сымдарындағы ақау. Мешіттегі өртке тоқталар болсақ, онда өрт қауіпсіздік ережелері бұзылған. Олар құрылысқа қатысты материалдардың орнына басқа нәрсені пайдаланған. Гипстің орнына полиуретан қолданған. Мешітке байланысты қылмыстық іс аяқталды. Айыптылар мешіттің материалдық шығынын төледі» дейді Барат Дұзақбаев.

Сондай-ақ, Береке» тұрғын үй кешіне байланысты анықтау жұмыстары да мәресіне жеткен.

«Береке» тұрғын үй кешіне байланысты айыптылар шығынын көтеріп, қала әкімдігіне 138 млн. теңге төледі. Пәтерлерді қайта қалпына келтіріп, бүгінде үй иелері баспанасына кірді» дейді Б.Дұзақбаев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!