Ішкі әскер 21 жылдығын атап өтті

Фотография - Ішкі әскер 21 жылдығын атап өтті

Жиын соңында ардагерлерлер мен қонақтарға мерекелік дастархан жайылды

119 0

1992 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ІІМ Ішкі әскерлері құрылды. «ҚР ІІМ Ішкі әскерлері туралы» Заңға сай Ішкі әскерлерге қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғау, түзеу мекемелері мен маңызды мемлекеттік нысандарды күзету, сотталғандар мен қамауға алынғандарды айдауылдау, төтенше жағдайлардың салдарын жою сынды міндеттер артылды. Құрылған сәтінен бастап әскер жеке құрамы алдына қойылған міндеттерді абыроймен атқарып, Қазақстан Республикасы азаматтарының қауіпсіздігі мен конституциялық құқықтарының сенімді қорғанына айналды.

Ішкі әскерлер Алматы құрамасының жеке құрамы өздерінің 21 жылдық мерекесін үлкен жетістіктермен қарсы алып отыр. Өткен жылы құрама жауынгерлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғау бойынша 790 тапсырма орындап, 8191 бұзақыны қолға түсірді, олардың 1823-і қылмыс құрамымен және 6368-і әкімшілік құқық бұзушылар. 8 дана отты қару мен 14 дана суық қару, 1 жарылғыш зат, 72,44 граммнан астам есірткі заты тәркіленді.

Құрама әскери қызметшілері сонымен қатар, ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымының бірлескен «Мызғымас бауырластық-2012» бітімгерлік жаттығуына, Ақсай шатқалында қауіпті қылмыскерлерді іздестіру бойынша жедел шараларға қатыстырылды.

«Бүркіт» арнайы мақсаттағы жасағының жеке құрамы Алматы қалалық ІІД-імен бірге ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау бойынша 16 арнайы операцияға жұмылдырылды. Нәтижесінде 10 қылмыскер ұсталып, 8 мың данадан астам контрафактілі өнімдер, 10 келіден астам есірткі заттары тәркіленді.

Түзеу мекемелерін күзету бойынша қарауылдар 2098 тапсырма орындады. 138 түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды сырттан лақтырудың алды алынып, 88 дана тыйым салынған заттар анықталды, 386,5 литр спирттік ішімдік, 27000 теңге сомасында ақша, 38 дана қалта телефоны тәркіленді. Барлығы 13371 сотталғандар мен қамауға алынғандар айдауылданды.

Ішкі әскерлердің құрылған күніне арналған салтанатты шарада қолбасшылықтың ресми құттықтауларынан соң жеке құрамды көтермелеу туралы бұйрық оқылып, үздік әскери қызметшілерге, құқыққорғау, қылмыстық атқару жүейсі комитеті, бірлесіп әрекет етуші өзге де мекеме өкілдеріне, ардагерлерге Ішкі әскер Қолбасшысының, құрама командирінің Алғыс хаттары, грамоталары мен «Ішкі әскер қызметінің үздігі», «Ішкі әскерлерге – 20 жыл», «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» кеуде белгілері табыс етілді.

Жиын соңында ардагерлерлер мен қонақтарға мерекелік дастархан жайылды.

Дархан Мұханов, Ішкі әскер Алматы құрамасы тәрбие бөлімшесі бастығының аға көмекшісі.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!