Астаналық оқушылар өзін-өзі қорғауды меңгеруде

Фотография - Астаналық оқушылар өзін-өзі қорғауды меңгеруде

Астаналық оқушылар өзін-өзі қорғау әдістерін үйренетін болады

425 0

Астаналық оқушылар өзін-өзі қорғау әдістерін үйренетін болады. Жаттығу сабағы бүгін №60 мектеп-лицейінен басталды.

Жыл бойы барлық мектепті қамту жоспарда бар. Бұл шараны Астана қаласы Білім беру және Ішкі істер басқармасы басшылығы қолға алған. Мектепте телефон ұрлығы мен жоғарғы сынып оқушыларының әлімжеттік көрсету дерегі жиі тіркелген. Өткен жылдың көрсеткіші бойынша жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық саны азайған. Сауалнамаға қатысқан 467 оқушы тәртіпсіздік көбіне мектептен тыс жерде болады деп жауап берген.

Ләззат ОРЫНБАСАРОВА, қалалық білім беру басқармасының бөлім бастығы:

- Мектепте, мектеп ауласында ешқандай бопсалау немесе қорқытып, ақша сұрау деген болмаған. Сауалнама бойынша жауап бергендердің 46,7%-ы тәртіпсіздік аулаларда, басқа да орындарда болады деп жауап берді.

Құралай КАРИНА, қалалық әкімшілік полициясының бөлім бастығы:

- 437 жасөспірімдер қылмыс, құқық бұзушылық жасағаны үшін тіркеуде тұр. Сонымен қатар 400-ден астам жасөсіпірімдерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасалған.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!