Алматы облысында 14 адам қар құрсауынан құтқарылды

Фотография - Алматы облысында 14 адам қар құрсауынан құтқарылды

Құтқарылғандардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ деп хабарлайды төтенше жағдай министрлігі

161 0

Бүгін түнгі сағат 00:50-де Алматы облысы Кербұлақ ауданында 9 көлікпен жолда кетіп бара жатқан 14 адам, арасында 2 бала бар, қар құрсауында қалып қойғаны туралы ақпарат түсті деп хабарлайды Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі.

«Кербұлақ-Қоғалы» тас жолында қалың қардан шыға алмай тұрып қалған 9 көлікке жеткен төтенше қызметтің жедел-құтқару тобы оларды жолдың тазартылған бөлігіне алып шыққан соң жолаушылар сапарын жалғастырған.

Құтқарылғандардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ деп хабарлайды төтенше жағдай министрлігі.


Тегтер:

Су басты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!