ІІМ ішкі іскерінің 400 сарбазы ант қабылдады

Фотография - ІІМ ішкі іскерінің 400 сарбазы ант қабылдады

Әскери ант қабылдау – біздің әскердің ең салтанатты рәсімі

159 0

2013 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері Алматы құрамасына қарасты 5571 әскери бөліміне шақырылған 400-ден астам жас сарбаз салтанатты жағдайда Әскери ант қабылдады.

Әскери ант қабылдау – біздің әскердің ең салтанатты рәсімі. Әскери ант қабылдау халықтық салттан құқықтық нормаға дейін жетті.

Қазақ тілінде «ант», «анттық», «ант-су ішу» деген ұғымдар бар. Ант – ер адамның белгілі бір істі қайтсе де орындайтынын айтып «сөз», «уәде», «серт» беруі. Шындығында да Отан алдында ант берген жауынгер артқа шегінбеген, жауға берілмеген. Анттан таюды өте ұят іс деп санаған.

Қазіргі Қазақстан армиясы да әскердің осы тарихи дәстүрін жалғастырып келеді. Қазақстандық сарбаз алдыңғы буын аталар мен әкелері сияқты Отанға адал қызмет етуге салтанатты түрде ант береді.

Ішкі әскерлердің 5571 әскери бөліміне шақырылған жас сарбаздар әскери ант қабылдаған соң, жауынгерлік қызметке кірісіп, Алматы қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін болады. Жас жауынгерлердің салтанатты жағдайда әскери ант қабылдау шарасына жауынгерлердің ата-аналары, Ұлы Отан соғысының және Ішкі әскер ардагерлері, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!