ОҚО-да қар құрсауынан 111 адам босатылды

Фотография - ОҚО-да қар құрсауынан 111 адам босатылды

Қазіргі уақытта Жартытөбе кентінен асты. 25 адам мен 4 техника шығарылды.

196 0

13 қаңтар таңертеңгі мәліметтер бойынша, ОҚО ТЖД жедел тобы (жеке құрамның 10 адамы мен 4 техника бірлігі) Созақ ауданындағы Шымкент-Шаян-Шолаққорған автожолы бойынша қозғалыстарын жалғастыруда.

Қазіргі уақытта Жартытөбе кентінен асты. 25 адам мен 4 техника шығарылды. «Одаман бұлақ» өткелінен Шаян елді мекеніне 18 адам мен 5 көлік жеткізілді.

Шолаққорған елді мекеніне Шолаққорған-Шаян автожолында қар құрсауында қалған 50 адам мен 4 техника бірлігі эвакуацияланды.

Түлкібас ауданында 5 адам мен 1 техникадан құралған жедел топ Құлан кентінен Т.Рысқұлов елді мекеніне аудандық ауруханаға бара жатқан екі айлық баласы бар әйелді шығарып алды. Сондай-ақ Кентау-Шолаққорған автожолында қалып қойған 13 адам мен 1 техника қауіпсіз аймаққа көшірілді.

ОҚО Бәйдібек ауданында құтқарушылар жолды таба алмай адасып кеткен 42 жасар жергілікті тұрғынды іздестірді, ол 3 сағаттан кейін Шақпақ елді мекенінен 8-9 шақырым жерден табылды. Оның жағдайы - қанағаттанарлық.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!