Күшті желден зардап шеккен Қаратауға нанның алғашқы партиясы жеткізілді

Фотография - Күшті желден зардап шеккен Қаратауға нанның алғашқы партиясы жеткізілді

Табиғи апаттан зардап шеккен Қаратау қаласының тұрғындарына Тараз наубайханаларынан нанның алғашқы партиясы жеткізілді.

328 0

Табиғи апаттан зардап шеккен Қаратау қаласының тұрғындарына Тараз наубайханаларынан нанның алғашқы партиясы жеткізілді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Тараздың ең ірі наубайханасы «Қала Нан» ЖК төрт мың бөлке жөнелтті. Кешке тағы 5000 нан пісіріледі. 

Сондай-ақ басқа да наубайханалар зардап шеккендерге көмек қолын созуға қосылды - «Сактелян» ЖК үш мың бөлке нан, «Ақтамбердиев» ЖК - 2 мың және «Ршанов» ЖК бір мың бөлке нан әзірледі.

Еске сала кетейік, 12 қаңтар күні орын алған күшті желдің ауыр салдарына байланысты Жамбыл облысында аудандық ТЖ жарияланды. Талас және Сарысу аудандарының мыңдаған тұрғындары электр жарығынсыз, жылу мен табиғи газсыз қалды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қазіргі уақытта Талас және Сарысу аудандарындағы жағдай бақылауға алынды, табиғи апат салдарын жою бойынша шаралар қабылдануда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!