«Атырау-Маңғыстау» пойызында нәресте дүниеге келді

Фотография - «Атырау-Маңғыстау» пойызында нәресте дүниеге келді

Облыс орталығына қарай жолға шыққан С.Оразалиева жүктіліктің соңғы айларында болған

290 0

Бейнеу ауылының тұрғыны Атырау-Маңғыстау бағытындағы пойызда босанды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі.

Облыс орталығына қарай жолға шыққан С.Оразалиева жүктіліктің соңғы айларында болған. Кенеттен сапар кезінде толғағы қысыпты.  Қуанышқа орай бәрі сәтті өтті. Маңғыстау перронында әйелді және жаңа туған нәрестені жедел медициналық жәрдем  күтіп алып, жергілікті перзентханаға жеткізді. 

«Перзентхана қызметкерлерінің айтуынша, қыз баланың денсаулығы жақсы, оның салмағы 3 келі 550 грамм, бойы 51 сантиметр. Бала мен ана өздерін жақсы сезінуде», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта көліктік компания босандыруға көмектескен жолсерікті анықтауда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!