Қостанай облысында ауыз су тапшы

Фотография - Қостанай облысында ауыз су тапшы

Аудандағы 53 елдімекеннің екеуі ғана орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған

309 0

Қостанай облысы, Федоров ауданының тұрғындары ауыз судың азабын тартып отыр. Аудандағы 53 елдімекеннің екеуі ғана орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған. Қалған елдімекендерде су тапшы.

Қапия Қойшыбаеваның Александрополь ауылына көшіп келгеніне бір жыл болды. Елдімекен аудан орталығының іргесінде, 8 шақырым жерде орналасқан. Қатынасқа қолайлы. Әттең бір кемшілігі ауыз су жоқ.

Қапия ҚОЙШЫБАЕВА, ауыл тұрғыны:

- Құдықтың суы ащы. Ішпек түгілі кір жууға келмейді. Ал енді бір жетіде екі рет әкеліп, шелегін 10 теңгеден сатады. Соны сатып аламыз.

Құдықтардың кермек татыған суын тұрғындар тек малға береді. Сатып алған су асқа пайдаланылады. Ал басқа мұқтаждық әркімнің өз мойнында.

Төлеген ИБРАЕВ, ауыл тұрғыны:

- Сатып алған су барлығына бірдей жетпейді. Қардың суын ерітіп соған жуынамыз. Ал бәріне бірдей сатып ала берсең 35 теңге флягі, ақша жете ме? Зейнетақымен ғана отырмыз.

Кезінде бұл ауылдардың бәрінде су құбырлары болған. Алайда тоқсаныншы жылдардағы тоқырауда қараусыз қалып, істен шығыпты. Енді бүлінгенді қайта қалпына келтіру үшін қыруар қаржы мен уақыт керек.

Евгений ЗЕНЧЕНКО, Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ММ бастығы:

- Алдағы жылы 3000-нан аса тұрғыны бар Пешков ауылына су құбыры тартылады. Ал, 2014 жылы жұмысты аяқтайтын боламыз. Сондай-ақ, 2013 жылы 8 елдімекенде жер асты су көздерін іздестіру жұмыстары жүргізіледі.

Яғни, алдағы екі жыл ішінде аудан бойынша жалғыз ауыл ғана орталық су жүйесімен қамтылады. Ал қалған 50 елдімекеннің сапалы суға қашан қарқ болары беймәлім.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!