Ішкі әскер де Қаратаулықтарға көмек көрсетуде

Фотография - Ішкі әскер де Қаратаулықтарға көмек көрсетуде

Отряд құрамына медициналық, апаттық-құтқару, арнайы санитарлық тазалау, тамақтандыру топтары енді.

178 0

Жамбыл облысында орын алған төтенше жағдай туралы хабар алысымен Ішкі әскердің Таразда орналасқан 5513 әскери бөлімі жауынгерлерінен құрылған біріккен отряд дереу Қаратау қаласына аттанды. Отряд құрамына медициналық, апаттық-құтқару, арнайы санитарлық тазалау, тамақтандыру топтары енді.

Апаттың алғашқы күні-ақ қалада зардап шеккендерге арналған медициналық пунктер мен жылыту орындары жасақталды. Бөлім медициналық қызметкерлері жарақат алғандар мен суыққа шалдыққандарға дәрігерлік көмек көрсетуде. Әскерилер құлаған ғимараттарды аршу, көшелерді құлаған қирандылардан тазалау бойынша жұмыстар атқарып жатыр.

Бір ғана 13 қаңтар күні Ішкі әскер қосынында 200-ден астам адам тамақтандырылып, медициналық көмек алған. Ішкі әскердің дәл осындай бір жасағы Жаңатас қаласының тұрғындарына көмек көрсетуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!