Садақа электронды жүйе арқылы беріледі

Фотография - Садақа электронды жүйе арқылы беріледі

Бұл туралы жақында Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф мәлімдеді

232 0

Қазақстанда садақа берудің электронды жүйесі құрылады. Яғни ендігі жерде садақа мешіттегі жәшіктерге тасталмайды, арнайы банкоматтар арқылы беріледі. Бұл туралы жақында Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф мәлімдеді.

Агенттік төрағасының айтуынша, биылғы жылдың алғашқы тоқсанынан бастап агенттік Қазақстандағы діни бірлестіктердің қаржылық-шаруашылық қызметтерінің ашықтығын жолға қоймақшы. Ол сырттан келетін жат ағым­дардың елдегі діни мекемелерге қаржылық қолдау көрсе­туінің және діни мекемелер қоржынындағы қаражаттың басқа мақсатқа жұмсалып кетуінің жолын кесу үшін қолға алынып отыр. Бұл бағыттағы басты шаралардың бірі – садақа берудің электронды жүйесін енгізу.

«Қазіргі күні мешіттерге қанша садақа түсіп жатқаны, оның қандай мақсаттарға жұмсалатыны беймәлім. Босағада бір жәшік тұрады. Оны имам жұма күні ашады. Одан кейін ол ақшаның қайда кеткенін ешкім білмейді. Осы ретсіздіктің алдын алу үшін садақаның электронды жүйесін енгіземіз», - деді ол.

Төрағаның түсіндіруінше, бұл үшін мешіттерге банкомат тәріздес құрылғылар қойылады. Садақа сол құрылғы арқылы беріледі. Оған түсіп жатқан ақша туралы ақпарат баршаға айқын болмақ.

«Ақша салынғаннан кейін ол туралы ақпарат бірінші мешітке, екінші діни басқармаға, сосын интернетке жолда­нады. Яғни кез келген қазақстандық садақадан қанша қара­жат түсіп жатқанын біліп отыратын болады», - деді төраға.

Алайда, бұндай құрылғы ауылдық жерлердің мешіттеріне қойылмайды.

Қайрат Лама Шариф: «Болар-болмас қаражат түсетін ме­шіттерге оны қоюдың қажеттілігі жоқ деп ойлаймын», - деді.

Бұл жүйенің тағы бір жаңалығы – үлкен қалалардағы мешіттерге түскен қомақты қаржыдан ендігі жерде шағын елді мекендердегі мешіттерге үлес тиеді екен.

Агенттік мамандарының айтуынша, бұл жүйе биылғы жылы енгізілмекші.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!