Жамбыл облысына құрылыс материалдары жіберіле бастады

Фотография - Жамбыл облысына құрылыс материалдары жіберіле бастады

 Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр

302 0

Жамбыл облысына мемлекеттің төтенше қорынан құрылыс материалдары жіберілді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

Семейден төбе жабатын қаңылтырдың 20 мың шаршы метрі және құны 294,4 миллион теңге болатын 300 шаршы метр шыны жөнелтілген. Ал, Алматыдан жабынды темірдің 20 мың шаршы метрі, шифердің 211 тоннасы және 400 шаршы метр шыны қарастырылған. Сонымен қатар, Қарағанды облысынан 400 тонна шифер жіберілген. Қостанайдан жөнелтуге 30 мың шаршы метр қиынды тақта, 260 дың ағаш, 300 шаршы метр шыны дайындалуда. Қаратауда тұрғын үйлер мен ғимараттарды жарық, жылуға қосу жұмыстары жалғасуда. 1346 адам мен 38 ұйым шатырларды қалпына келтіруде. Жаңатас тұрғындарын да жылу мен электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары жүруде.


Тегтер:

Су басты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!