Ақтөбеде сапасыз медициналық қызмет көрсетілді

Фотография - Ақтөбеде сапасыз медициналық қызмет көрсетілді

 Бұл былықты емдеу мекемелерін тексерген құзырлы орган анықтап отыр

195 0

Ақтөбе облысында дәрігерлер тегін көрсетілуі тиіс медициналық қызмет үшін ақы алған. Бұл былықты емдеу мекемелерін тексерген құзырлы орган анықтап отыр.

Мысалы, Хромтау ауданында 200 емделуші тегін жәрдем үшін ақша төлеген. Ал, Темір ауданында науқастар тегін берілуі тиіс дәріні сатып алған. Сонымен қатар, бірнеше ауданда препараттарды сақтау талаптары бұзылып, мемлекет қаржысына алынған дәрі-дәрмек жарамсыз болып қалған. Ең сорақысы, мерзімі өткен дәрілерді емге пайдалану дерегі де тіркелген. Мысалы, Әйтеке би ауданының жедел- жәрдем қызметі дәрігерлерінің қобдишасынан мерзімі өткен дәрілер табылған. Прокурорлық тексеру нәтижесінде 24 әкімшілік іс қозғалды.

Маратбек МЫРЗАМҰРАТОВ, Ақтөбе облыстық прокуратурасының басқарма бастығы:

- Жылма-жыл осы медицина саласында заңбұзушылық кеміген жоқ. Керісінше, ұлғайып бара жатыр. 2012 жылда сондай нәтежие көрсетіп тұр. Сондықтан, нақты бағдарлама жасап жатырмыз. Осы аптаның аяғында дайын болады.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!