Қарыздар туралы хабарлама енді ұялы телефонға келетін болды

Фотография - Қарыздар туралы хабарлама енді ұялы телефонға келетін болды

Қарағанды облысының сот актілерін орындау департаментінде борышкерлерге SMS-хабарламалар тарататын call-центр іске қосылды.

238 0

Қарағанды облысының сот актілерін орындау департаментінде борышкерлерге SMS-хабарламалар тарататын call-центр іске қосылды. Бұл туралы BNews.kz  хабарлады.

«Қарағанды облысының сот актілерін орындау департаментінде 2013 жылдың 14 қаңтарынан бастап борышкерлерге SMS-хабарламалар тарататын call-центр жұмыс істей бастады. Қарағанды облысы бойынша 15 мыңнан астам адам борышкерлер тізімінде тұр. Олардың ұялы телефонына қарызы және шара қолданылуы мүмкіндігі туралы қысқа хабарламалар жолдануда. Қаңтардың 14-нен 15-сіне дейінгі бір тәулікте хабарламаны алған борышкерлер 122 мыңнан астам теңгеге қарызын төледі», - деді Сот актілерін орындау департаментінің бас маманы Әсел Ахмалишева.

Оның сөзіне қарағанда, айыппұл, салық, кредит, алимент, сонымен қатар өзге де міндеттемелер бойынша борышкерлер call-центрден SMS алуда. Хабарлама мәтінінде тұрғылықты жері бойынша сот орындаушылардың аумақтық бөліміне хабарласуы қажеттігі айтылған, сондай-ақ, call-центрдің байланыс нөмірі көрсетіледі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!