Ішкі әскер Қаратауда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде

Фотография - Ішкі әскер Қаратауда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде

Табиғи апаттан зардап шеккен Қаратау халқына көмек көрсетуге барған Ішкі әскер жауынгерлері қала аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзету бойынша қызмет атқаруда

382 0

Табиғи апаттан зардап шеккен Қаратау халқына көмек көрсетуге барған Ішкі әскер жауынгерлері қала аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзету бойынша қызмет атқаруда. Оларға көше бұзақылықтарының алдын алу, қоймалардағы құрылыс материалдары, азық-түлік пен жанар-жағармайдың қолды болмауын күзету жүктелген.

Ішкі әскердің Тараз қаласында орналасқан 5513 әскери бөлімі жауынгерлерінен жасақталған төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша арнайы жасақ апаттың алғашқы күні-ақ Қаратау қаласына келіп жеткен болатын. Жасақ құрамына апаттық-техникалық, құтқару, медициналық, байланыс, арнайы-санитарлық өңдеу топтары енді. Олардың күшімен апаттың алғашқы күнінен бастап қала көшелерін, орталық жылыту қазандығы мен А.Пушкин атындағы орта мектептің, Жастар аллеясының аумағын қирандылар мен қоқыстардан тазарту, зардап шеккен тұрғындарға медициналық көмек көрсету, қауіпсіз аймаққа тасымалдау, тұрғындарды тамақтандыру бойынша жұмыстар атқарылды.

Бөлімнің медициналық қызметкерлері дауыл кезінде зардап шеккен азаматтарға дәрігерлік көмек көрсетуде. Басы жарылған, миы шайқалған бірнеше азамат әскерилердің көмегімен облыс орталығындағы ауруханаға жеткізілсе, Мәдина Пашанова есімді жаңа босанған жас келіншек әскери дәрігерлердің жедел әрекеті арқасында Тараздағы орталық ауруханаға жатқызылды. Бүгінде жас нәрестенің денсаулық жағдайы қалыпты.

Айта кетер тағы бір жәйт, Ішкі әскер сарбаздарынан құралған дәл осындай құтқару жасағы Жаңатас қаласында да қызмет атқаруда.

Дархан Мұханов

ҚР ІІМ Ішкі әскерлері Алматы құрамасы тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс бөлімшесі бастығының аға көмекшісі.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!