2013 жылы Ақмола облысында әр ауданда сүт-тауар фермалары құрылады

Фотография - 2013 жылы Ақмола облысында әр ауданда сүт-тауар фермалары құрылады

 Бұл жөнінде Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Жомарт Нұркенов мәлім етті

671 0

 2013 жылы Ақмола облысында әр ауданда сүт-тауар фермалары құрылады. Бұл жөнінде бүгін Астана қаласының маңындағы азық-түлік белдеуін дамыту мәселесі талқыланған жиында Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Жомарт Нұркенов мәлім етті. 

«Астана қаласы тұрғындарын сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін азық-түлік белдеуі аймағы белгіленді. Оған біздің облыстың 17 ауданы толығымен кіреді. Азық-түлік белдеуі аясында 2009-2011 жылдары өңірде жалпы сомасы 43 млрд теңге болатын 61 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Ал өткен жылы 22 млрд теңгенің 22 жобасын қолға алдық. Оның 14-і 2012 жылы іске қосылды», - деп атап өтті Жомарт Нұркенов.

Ол биылғы жылы Астана қаласының маңындағы азық-түлік белдеуін дамыту үшін облыста тағы бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отырғанын айтты.

«Белдеуді әрі қарай дамыту үшін 2013 жылы облыстың әр ауданында шетелден етті малдарды жеткізу жұмысы жүргізіледі. Мұнымен қатар әр ауданда 150-200 басқа шақталған сүт-тауар фермалары салынады. Бұл жобаларды жүзеге асыру Астанаға жеткізілетін азық-түлік көлемін арттырып, оның сапасын жақсартуға мүмкіндік береді», - деді Нұркенов.

Бүгінгі күні Астанаға Ақмола облысының 128 кәсіпорны ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізеді. Оның 77-сі мал шаруашылығы кәсіпорны, 4 - құс шаруашылығы, 4 - өңдеуші кәсіпорын, 13 шаруашылық елорда тұрғындарын көкөніспен қамтамасыз етеді.

«Қазір Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді жүйелендіру үшін логистикалық орталық құру мәселесі қарастырылып жатыр. Орталық жұмыс істесе біздің тауар өндірушілердің өнімдерін өткізуін жеңілдетіп, азық-түлік бағасын негізсіз өсірудің жолын кесуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті басқарма бастығы.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!