Өткен жылы Астана халқы 545 мың тонна азық-түлік тұтынған

Фотография - Өткен жылы Астана халқы 545 мың тонна азық-түлік тұтынған

Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 30 мың тоннаға көп

159 0

Елорда маңындағы азық-түлік белдеуін дамытуға арналған кеңесте мамандар Астанаға азық-түлік жеткізетін делдалдар маркетинг жүйесін дамыта алмай отырғанын айтты.

Әйтсе де, жыл сайын қала халқының саны мен олар тұтынатын өнім мөлшері артып келеді. Мәселен, былтыр Астана қаласының халқы 545 мың тонна азық-түлік тұтынған. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 30 мың тоннаға көп. Сол сияқты, әлі күнге дейін тұрақты тауар жеткізушілердің саны қалыптаспаған. Көліктік-логистикалық қызмет түрі де ақсап тұр. Осы түйткілдердің барлығы - ел астанасының орталығына жеткізілетін тауар көлемін ұлғайтуға мәжбүрлеп отыр. Бүгінгі таңда азық-түлік белдеуі шекарасында Астана қаласының өзін қоса есептегенде, 916 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 270-і ірі және орта кәсіпорындар. 

Қосман АЙТМҰХАМЕТОВ, Ақмола облысы әкімінің орынбасары:

- Сақтау мәселесі жайлы айтсақ, бізге делдалдар керек. Оның ішінде тек қана бағаны көтеріп, базарда тұрып, малшылар әкелген етті базарға баға қосып сататын делдалдар емес. Олар тауарды сақтау мәселесін де шешетін делдалдар болса.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!