Астанада көне зергерлік бұйымдар көрмесі ашылды

Фотография - Астанада көне зергерлік бұйымдар көрмесі ашылды

Көрмеге XII-ХХ ғасыр аралығындағы қолөнер бұйымдарының көптеген көне үлгі-нұсқалары қойылған.

619 0

Астанадағы Тәуелсіздік сарайының «Қолданбалы өнер және этнография» галереясында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі суретші-зергер Берік Әлібайдың «Киелі өнер қолтаңбасы» атты жеке көрмесі өтіп жатыр. Көрмеге XII-ХХ ғасыр аралығындағы қолөнер бұйымдарының көптеген көне үлгі-нұсқалары қойылған.

Жаубасова Тілеукеш, көрмені ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі, өнертанушы: Берік бала күнінен зергерлік бұйымдарды, көне бұйымдарды жинаумен айналысып келеді. Меніңше, бұл екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ол үшін үлкен табандылық, еңбек керек.

Атап айтсақ, жез бен мыстан жасалған зергерлік бұйымдар, ағаштан жасалған қолөнер бұйымдары көрмеден орын алған. Сондай-ақ, мұнда қыз-келіншектер мен ерлерге арналған ұлттық киімдер де табылады. Ал, этнографиялық қазынамызды осы күнге әкеліп, атадан балаға мирас етіп келе жатқан Берік Әлібай бүгінде өз білгенін шәкірттеріне үйретуде. Бүгінде оның еңбектері елімізде ғана емес, Жапония, Иран, Ресей, Түркия сынды шет мемлекеттерге де кеңінен танымал.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!