Елорданың Әлеуметтік бейімдеу орталығында белгілі тұрағы жоқ 215 адам бар

Фотография - Елорданың Әлеуметтік бейімдеу орталығында белгілі тұрағы жоқ 215 адам бар

Күн райы  бұзылған жағдайда  Мекеме қызметкерлері  өз жұмыстарын күшейте түседі

260 0

Қазіргі кезде елорданың Әлеуметтік бейімдеу орталығына белгілі тұрағы жоқ 215 адам  орналастырылған. Олардың  ішінде 6 адам қалалық  ауруханада емделуде.  Бұл туралы Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан мәлім етті, деп хабардайды елорданың ресми сайты.

Күн сайын жедел қызметтің әлеуметтік патрулі  кешкі рейдтерге  шығып, белгілі тұрағы жоқ адамдарды  орталыққа жеткізеді. Әлеуметтік орталықтың түнгі қабылдау бөліміне күн сайын 10-15 адам жеткізіледі екен.

Күн райы  бұзылған жағдайда  Мекеме қызметкерлері  өз жұмыстарын күшейте түседі. 

Еске салайық, «Белгілі тұрағы жоқ  адамдар үшін  әлеуметтік бейімдеу орталығы» ММ  елордада  аталған  санаттағы  адамдардың бірқатар кешенді  мәселелерін (әлеуметтік, тұрмыстық және медициналық)  шешу үшін 2001 жылы  құрылған.  Орталық адамдардың маргиналды тобына жататындарды жұмысқа орналастыруға, құжаттарын қалпына келтіруге, бұрынғы тұрғылықты мекен-жайы бойынша отбасына қайтып оралуға  көмек көрсетіп, ықпал жасайды. 


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!