Есірткіні қалтасына полицейлер салғанын дәлелдеген жігіт миллион теңге өндіріп алды

Фотография - Есірткіні қалтасына полицейлер салғанын дәлелдеген жігіт миллион теңге өндіріп алды

Есірткі "сатқаны" үшін қамауға алынған Петропавл тұрғыны оны полицейлер ұйымдастырғанын дәлелдеді

124 0

Есірткі "сатқаны" үшін қамауға алынған Петропавл тұрғыны оны полицейлер ұйымдастырғанын дәлелдеді. Ол тіпті құқық қорғаушылардан өтемақы өндіріп алуға да қол жеткізді.

30 жастағы Максим Сюсюгин пойызда тұтқындалған еді. Оның қалтасынан желілік полиция бөлімі қызметкерлері 100 грамм гашиш "тапқан". Осы үшін жеті жыл қамауда отыру жазасына кесілген ол, бір жыл қамауда болған. Алайда артынан ол өзінің кінәсіздігін, есірткі салынған пакетте өзінің саусағының ізі жоқ екенін дәлелдей алды.

Түрмеде бір жылын өткізген Максим бұған қоса миллион теңге өндіріп алған. Ол ақшаны өзін тұтқындаған күні сал болып қалған анасын емдетуге жұмсамақшы. Ал Сюсюгинді қамауға алған полицейлерді жұмыстан қуған көрінеді.

«Бүгінгі күні есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің жеке құрамы 100 пайызға жаңартылды. Кеткен адамдар қазіргі күні ішкі істер органында жұмыс істемейді», - дейді Петропавл станциясы ЖІІБ бастығының орынбасары Қанат Омаров.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!