Алматының ең бұзық ауданы

Фотография - Алматының ең бұзық ауданы

Бірақ, Алматы қаласы Прокуратуасы баспасөз қызметінің хабарлауынша Алматыда ең қылмысы көп Алмалы ауданы болып шықты. 

196 0

Алматы қаласында сырт көзге ең қылмысы көп жер Жетісу ауданына қарайтын "Айнабұлақ" ықшамауданы болып көрінуі мүмкін. Бірақ, Алматы қаласы Прокуратуасы баспасөз қызметінің хабарлауынша Алматыда ең қылмысы көп Алмалы ауданы болып шықты. 

Алмалы ауданы қаланың қақ ортасында орналасқанмен, қылмыс жасау бойынша ешкімге "жол" бермей келеді. 2012 жылы Алмалы ауданында 13 мың құқық бұзушылық тіркелген.

Алматылықтар мен қала қонақтары көбіне тонаудан теперіш көріп отыр. Қысқасы жасалған үш қылмыстың екеуі адам тонау. Мұнда күнара 93 рет тонаушылық тіркеліп отырған. Ал, шығын орташа есеппен 10 млн. теңге. Соңғы алты жылды есептегенде тонаушылық 8 есеге өскен. Ал, тонаушылық көп орын алатын жерлер "Алматы-1" вокзалы, "Саяхат" автобекеті, "Никольск" базары, ЦУМ. Сондай-ақ, ойын-сауық орталықтарында да көп байқалады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!