Ең бақытты жандар Алматыда тұрады

Фотография - Ең бақытты жандар Алматыда тұрады

Алматыда еліміздегі ең бақытты жандар тұрады

230 0

Алматыда еліміздегі ең бақытты жандар тұрады. Global Monitor компаниясының сарапшылары республиканың барлық аймақтарында «бақыт индексі» бойынша сауалнама жүргізіп, соның нәтижесінде Алматыны Қазақстанның ең бақытты қаласы деп атаған.Мамандар сараптамау ісін жеті параметр бойынша жүргізген: денсаулық, қауіпсіздік, экологиялық жағдай, білім, коммуникацияның қолжетімділігі, материалдық игіліктердің қолжетімділігі және ертеңгі күнге деген сенімділік.

Осы шарттар бойынша Алматы былтырғы «бақытты қала» Астанадан озып шықты. «Бақыт параметрлері» бойынша үздік бестіктің қатарына биыл осы екеуінен басқа Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары енді. Одан кейінгі орындарға осы ретпен Ақтөбе, Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстары тұрақтады. Қостанай облысы екінші жыл қатарынан аутсайдер. «Бақыт индексін» зерттеушілер ҚР Статистика агенттігінің мәліметтерін пайдаланған.

Дегенмен, әлемдік өлшеммен қарағанда, қазақтың бақыттан басымыз айналып тұр деп айта алмаймыз. The Economist Intelligence Unit сарапшыларының зерттеуі бойынша 2013 жылы бала тууға жақсы жағдай жасау рейтингі бойынша Қазақстан тізімнің соңында, мүмкінді 80 орынның 74-нде тұр. Рейтинг құру кезінде мемлекеттің ЖІӨ, орташа өмір сүру ұзақтығы, саяси еркіндік, жұмыспен қамтылу және гендерлік теңдік факторлары есепке алынған. Сондай-ақ рейтинг жасаушылар мемлекет тұрғындарының өз өмірлеріне қаншалықты қанағаттанарлық баға беретіндіктеріне де назар аударған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!