Алматы Орталық мешітінің бас имамы ауысты

Фотография - Алматы Орталық мешітінің бас имамы ауысты

бұл туралы жұма намазына жиналған қауым алдында бас муфти хабарлады

258 0

Алматы Орталық мешітінің бас имамы ауысты, бұл туралы жұма намазына жиналған қауым алдында бас муфти хабарлады.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің бұйрығымен Құлмұхаммед Маханбет өз өтініші бойынша Алматы Орталық мешітінің бас имамы қызметінен босатылып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни істер бөлімінің меңгерушісі әрі қоғамдық негізде Дінбасының кеңесшісі болып тағайындалды. Нұрбек Есмағанбет Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» қайырымдылық қорының атқарушы директоры қызметінен босатылып, Алматы Орталық мешітінің бас имамы болып тағайындалды». - делінген хабарламада.

Әлішер Спанов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылып, діни басқарма жанындағы «Зекет» қайырымдылық қорының атқарушы директоры болып тағайындалды.

Ербол Қосбағар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы діни істері бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!