Есіл өзенінің жағасында суға түсу алаңдары ашылды

Фотография - Есіл өзенінің жағасында суға түсу алаңдары ашылды

Астанада православтық мереке қарсаңында суға түсу алаңдары ашылды

260 0

Астанада православтық мереке қарсаңында суға түсу алаңдары ашылды. Тереңдігі адам бойынан аспайды және су астын қауіпсіздік үшін торлармен қоршаған.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мереке кезінде суға түсу орындарында судан құтқару қызметі және жедел медициналық көмек қызметі дамылсыз жұмысқа кірісетінін хабарлады. Православтық мереке аясында суға түсушілердің саны жыл сайын артып отыр. Сондықтан қауіпсіздік шарасы басты назарда болады.  

Георгий САВРУК, Қалалық суда құтқару қызметінің бастығы:

- Қыста суға түсу барысында бірнеше қауіпсіздік шараларын сақтау керек. Себебі, өткен жылғы мерекелік шара бір адамның қазасымен аяқталған. Биыл сондай оқыс оқиғалар болдырмас үшін, алдын ала сақтық шараларын аса мұқият қолға алып жатырмыз.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!