Елордада 41 өзге дін өкілдері Ислам дінін қабылдады

Фотография - Елордада 41 өзге дін өкілдері Ислам дінін қабылдады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өткен жылдың қорытынды есебін жариялады

227 0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өткен жылдың қорытынды есебін жариялады.

ҚМДБ баспасөз қызметінің мәліметінше 2012 жылы Алматы мешіттерінде жалпы саны 6384 бала діни сауат ашу курстарында ілім алды. Оның 3695-і - ұл бала, 2682-сі - қыз бала.

«Ал «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Қалижан Заңқоев өткен жылы Елордада 41 өзге дін өкілдері Ислам дінін қабылдағанын мәлімдеді»,-делінген бұл мәліметтерде.

ҚМДБ-ның Атырау облысындағы өкіл имамы Амантай Сәдиев сәләфилердің жетегінде жүрген 27 адамның өз райынан қайтқанын жеткізді.

Сонымен қатар Ақмола облысында имамдардың қатысуымен жоғары оқу орындарында, мекемелерде, абақтыларда, қарттар және жетімдер үйлерінде 390  кездесулер ұйымдастырылып, уағыз-насихат айтылды.

Бұдан бөлек Оңтүстік Қазақстан облысында мешіт тарапынан тұрмысы төмен бас-аяғы 3045 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілген екен.

Бас мүфти төралқада еліміз бойынша 1500 ауылда мешіт жоғын ашына жеткізді.

Айта кетейік, мүфтият жылдағы игі дәстүрге сай өткен жылы 23 имамды Түркияға діни ілімдерін жетілдіруге жіберді. Биыл еліміздің ірі қалаларында орналасқан республикалық 9 медресе мен «Нұр» Қазақ-Египет ислам университетін тәмамдаған 250-ден астам дін кадрлары қызметке кіріспек. ҚМДБ-ның қарамағында қызмет ететін дін кадрларының 62 пайызы діни біліммен сусындаған.

«Осыған дейін Ислам құндылықтары жайлы 28 кітаптар мен кітапшалар шығарылды. Жан азығы саналатын құнды кітаптар мұсылмандарға 600 мың данамен жол тартты»,-деп аталған ҚМДБ мәліметтерінде.

Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында 13  дін кадрының ғылыми атағы бар. Оның 2-уі ғылым докторлары һәм профессорлар, 1-еуі phD докторы. 2-уі ғылым кандидаты. Қалған 8-і ғылым магистрлері.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!