Павлодар облысында «Қазақ тілі» жол картасы басталды

Фотография - Павлодар облысында «Қазақ тілі» жол картасы басталды

2013-2015 жылдарға арналған оның іске асырылу жоспарын тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бастығы Қабжан Еділбай облыс әкімі Ерлан Арынның қатысуымен өткен отырыста таныстырды

193 0

Павлодар облысында «Қазақ тілі» жол картасы басталды, деп хабарланды тілдерді дамыту басқармасынан.

2013-2015 жылдарға арналған оның іске асырылу жоспарын тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бастығы Қабжан Еділбай облыс әкімі Ерлан Арынның қатысуымен өткен отырыста таныстырды.

Облыстың мемлекеттік органдарында биыл, ал ведомство жанындағы мекемелерде 2015 жылға қарай мемлекеттік тілде іс жүргізуді енгізу қарастырылған.

Жаппай мәдени және мерекелік шараларды, қоғамдық және ресми отырыстарды, сессиялар мен мәслихаттың комиссиясын өткізу кезінде қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту жоспарлануда.

Жол картасына сәйкес 2025 жылға дейін «Қазтест» жүйесі бойынша оқуды аяқтау, 2013-2014 жылдары мемлекеттік тілде сатып алынатын кітаптардың үлесін қалалар мен аудандардың кітапханаларында 80 пайыға дейін жеткізу жоспарлануда.

Өңір әкімі қалалар мен аудандардың әкімдеріне ресми сайттарда ақпараттың екі тілде орналастырылуын қадағалауды, мемлекеттік тілді оқытудың курстарын ұйымдастыруды және облыстық «Қазақ тілі» жол картасының іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!