Жетісу өңірі малшыларына қыс қиынға соғуда

Фотография - Жетісу өңірі малшыларына қыс қиынға соғуда

Биылғы қыс Жетісу өңірінде өзгеше мінез көрсетіп тұр. Қар қалың, күн суық

361 0

Биылғы қыс Жетісу өңірінде өзгеше мінез көрсетіп тұр. Қар қалың, күн суық. Бұл бірінші кезекте малшы қауымына қиынға соқты.

Сондықтан Алматы облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бір топ мамандары аймақтағы мал қыстауларын аралап, шопандар отбасының тіршілігімен танысты.

Талғар ауданының 40 мыңдай малын бағып отырған шопандар Кербұлақ пен Малайсары алқабына қаз-қатар қоныстанған. Негізгі шөп қора – төңіректегі Қосқұдық ауылында. Жолдарды қардан тазартып, жем-шөп тарататын техникалар да осында шоғырланған. Құрамына медицина, ветеринария, полиция және жол басқармасы сияқты салалардың өкілдері кіретін аудандық штаб құрылған.

Қалимолда БАЙБОЛОВ, Талғар аудандық Ауыл шаруашылығы  басқармасының  бастығы:

- Әрбір бейсенбі сайын біз облыстық штабқа ауданның атынан тиесілі ақпараттарды беріп отырамыз. Біздің Талғар ауданы бойынша осы малды төлдету науқанына жеткізіп, қыстан шығуға толық біздің мүмкіндігіміз бар.

Қалиакбар Маршабаевтың мал баққанына – 40 жыл. Осы жылдардың ішінде талай қысты өткерді. Ол биылғы қыс малшы қауым үшін жайсыз болып тұрғанын жасырмайды. Бірақ қыстың қамын жазда ойлаған шаруаларға аса қиын соғып жатқан жоқ дейді.

Қалиакбар МАРШАБАЕВ, аға шопан:

- Теледидарды күнде көріп жатырмыз. Енді бастықтың жасаған жақсылығы– үйіміз жылы. Көміріміз, газымыз, азық-түлігіміз бар. Қарнымыз тоқ. Одан басқа не керек енді. Қарның тоқ болса, жұмыс істейсің, қарның аш болса, мұздап қаласың.

Мал қыстауларының арасы қашық емес. Бір-бірімен хабарласып отырады. Медицина қызметкерлері жиі аралап, малшылардың қал-жағдайын біліп тұрады.

Эльмира ШӘМИЕВА, көпбалалы ана:

- Барлық жағдайлар жасалынуда.  Отын- көміріміз, суымыз бар. Су таситын көлік күнара су әкеліп береді. Бес балам бар. Биыл үйіме жөндеу жұмыстары жасалды. Үйім жылы.

Қазір облыста 1 миллионға жуық іріқара, 270 мың жылқы, 3,5 миллионға жуық уақ мал қыстауда. Ендігі мақсат – осы малды қыстан аман алып шығу.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!