ОҚО-ға 50 мың калифорниялық құрт әкелінеді

Фотография - ОҚО-ға 50 мың калифорниялық құрт әкелінеді

ҮЕҰ облысқа 50 мың калифорниялық құрт әкеледі.

406 0

Оңтүстік Қазақстанның «Фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау қоры» Үкіметтік емес ұйымы ерекше жобаны қолға алды. ҮЕҰ облысқа 50 мың калифорниялық құрт әкеледі.

Бұл жәндіктерді облыстың фермерлері өз пайдаларына жаратады. Олардың көмегімен жерді арамшөптерден тазартуға, қоршаған ортаның санитарлық жағдайын жақсартуға, тыңайтқыштарға жұмсалатын қаржыны азайтуға болады. Қызыл құрттар Шымкентке ақпан айында әкелінеді. Жобаны Сайрам ауданынан бастап іске асырады.

ҮЕҰ-ның басшысы Р. Қараибрагимованың сөзіне қарағанда, облыста органикалық тыңайтқыштарды өндіретін құрттардың санын көбейтуге арналған тәлімбақ құрылатын болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!