Алматыда 2012 жылы 800 адам жұмыспен қамтылды

Фотография - Алматыда 2012 жылы 800 адам жұмыспен қамтылды

Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Нұрлан Бесбаев мәлім етті

206 0

Алматыда 2012 жылы «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы аясында 800 адам әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Нұрлан Бесбаев мәлім етті.

«Алматыда өткен жылы 800 адам әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды. Бұл «Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қарастырылған қолдау тетіктерінің бірі. Біз қазіргі таңда қаланың 185 ұйымы мен кәсіпорындарымен жұмыс жасаймыз. Былтыр, біздің мекемеге бөлінген 84 млн 300 мың теңге толығымен игерілді», - деді Н.Бесбаев.

Орталық директор орынбасарының мәлімдеуінше, 2012 жылы Алматы қаласындағы Жұмыспен қамту орталығының қызметіне 1746 адам жүгінсе, 1667 адам бағдарламаға белсенді атсалысты.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!