Астананың ұн комбинаттарындағы бидай қоры 10 336 тоннаны құрайды

Фотография - Астананың ұн комбинаттарындағы бидай қоры 10 336 тоннаны құрайды

Бұл туралы Астана қаласының ресми сайты Статистика департаментіне сілтеме жасап хабарлады

190 0

2013 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша, Астана қаласының бидай нарығына қатысушыларда азық-түлік қажеттілігіне арналған 126 884 тонна бидай бар.

Бұл туралы Астана қаласының ресми сайты Статистика департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Департаменттің мәліметі бойынша, азық-түлік тағамдарына арналған негізгі дақылдар - бидай  (қолда бар дақылдың  99,5%-ы), қара бидай (0,1%), жүгері (0,1%) және сұлы (0,3%).

«Азық-түлікке арналған бидайдың көп бөлігі (91,4%) қаланың элеваторларында жинақталған. Ұн комбинаттарында өңдеуге арналған 10 336 тонна бидай, 357 тонна сұлы  және 153 тонна жүгері бар», - делінген таратылған хабарламада.

Қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының  мәліметтері  бойынша,  2012 жылы қаланың  кәсіпорындары 137,1  мың тонна ұн, 16, 9 мың тонна нан, 11,14 мың тонна макарон және 10 тонна жарма өндірген. Сондай-ақ,  105,05 мың тонна ұн, 6,12 мың тонна макарон және 4,33 мың тонна жарма экспортқа шығарылды.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!