Қазақстанның республикалық маңызы бар барлық жолдары ашық

Фотография - Қазақстанның республикалық маңызы бар барлық жолдары ашық

Қазақстанның республикалық маңызы бар барлық жолдары ашық.

235 0

Қазақстанның республикалық маңызы бар барлық жолдары ашық.

Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, Алматы облысы аумағындағы боранға байланысты 21 қаңтарда "Үшарал-Достық" жолының 0-184 шақырымы аралығында жол жабылған болатын. Бұдан бөлек, кеше сағат 21.40-тан бері  "Сарыөзек-Көктал" жолының 45-65 шақырымында да көлік қозғалысына шектеу енгізген еді. Бүгін таңертең бұл екі жолда да көлік қозғалысы жанданды.

Ал Шығыс Қазақстан облысында кеше "Өскемен-Зырян-Рахман қайнарлары" жолының 6-166 шақырымындағы  "Ушанов ауылы-Зырян қаласы" Аралығында жол жабылған болатын. Бұл жол бүгін сағат 09.30-дан бастап ашылды.

Сонымен қатар 21 қаңтар сағат 10.30-дан бастап "Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы" жолының 54-123 шақырымындағы  "Первомайка а.-РФ шекара" аралығында да көліктердің жолға шығуына тыйым салынған еді. Бүгін сағат 07.30-дан бастап көлік қозғалысы жанданды.


Тегтер:

ашылды жолдар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!